KZ
8 қазан 2025, 21:39
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.09.2025 17:20 #Корпоративтік уақиғалар

28 қазанда "Bank RBK" Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 29.09.25/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ (KASE тикері – INBN) 2025 жылдың 28 қазанында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;

3) банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы;

4) банктің Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-09-29]