KZ
11 қазан 2025, 05:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.09.2025 14:46 #Қаржы құралдары

30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 06 қазанынан бастап қайта басталады.

[2025-09-29]