Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қыркүйектен бастап KASE-де BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00015328 (BIGDb6) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00015328 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb6; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 18.09.25-18.09.27; жартыжылдық купон, жылдық 20,50 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-29]