KZ
9 қазан 2025, 19:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.09.2025 10:36 #Қаржы құралдары

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KTGAe1; 5,0 млрд теңге; 29.09.15 – 29.09.25, жартыжылдық купон, жылдық 7,50%, 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2015 жылдың 30 қазанынан бастап "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 15 қаңтарынан бастап ашылды.

[2025-09-29]