KZ
29 қыркүйек 2025, 02:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.09.2025 18:54 #Корпоративтік уақиғалар

2025 жылдың 13 және 29 қазанына тағайындалған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналыстарының күн тәртібіне өзгерістер енгізу туралы хабарлама

/KASE, 26.09.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Банк"), атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) Банктің Директорлар Кеңесінің шешіміне (отырыстың 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 37 хаттамасы) сәйкес өз акционерлеріне 2025 жылғы 13 қазанға және 29 қазанға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналыстарының күн тәртіптеріне өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

* * *

1. Банк акционерлерінің 2025 жылғы 29 қазанға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінен "Банктің Есеп комиссиясы мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы" бірінші кезектегі мәселе алынып тасталсын.

2. Банк акционерлерінің 2025 жылғы 13 қазанға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне екінші кезектегі мәселе болып толықтырылсын:

"2. Банктің Есеп комиссиясы мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы".

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-09-26]