KZ
6 қазан 2025, 08:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.09.2025 11:42 #Қаржы құралдары

25 қыркүйектен бастап XS2838544778 (IDA_KZe1) International Development Association халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 25.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 23 қыркүйегінде International Development Association XS2838544778 (IDA_KZe1, $4,0 млрд, 11.06.24 – 11.06.29; жарты жылдық купон, жылдық 4,375%, 30/360) халықаралық облигациялардың негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-09-25]