24 қыркүйектен бастап "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС KZ2P00015266 (MFHCb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 24.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС (Алматы) KZ2P00015266 (MFHCb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар "санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады.
"HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ломбард қызметі.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-24]