23 қыркүйектен бастап "СМК ФФ-1" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС KZ2P00014632 (SFKFb1)облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 23.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "СМК ФФ-1" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС ("СМК ФФ-1" АҚК, Алматы) KZ2P00014632 (SFKFb1; 1 000 теңге, 1,1 млрд теңге; 4,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 20,00 %; 30/360) секьюритилендірілген облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 30 маусымында 50,0 млрд теңге сомасына тіркелген "СМК ФФ-1" АҚК бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"СМК ФФ-1" АҚК қаржы кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ болып табылады.
"СМК ФФ-1" АҚК қызметінің негізгі түрлері-сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандырудан басқа қаржылық қызметтер.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-23]