KZ
9 қазан 2025, 20:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.09.2025 10:13 #Қаржы құралдары

23 қыркүйектен бастап Азия даму банкінің XS2294363689 (ASDBe7), XS2351373134 (ASDBe8) және XS3015676425 (ASDBe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталды

/KASE, 23.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Азия даму банкінің мынадай халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды:

  • XS2294363689 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe7);
  • XS2351373134 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe8);
  • XS3015676425 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe20).

Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды.

ASDBe7 және ASDBe8 облигацияларының сауда-саттығы KASE-де 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап, ASDBe20 – 2025 жылдың 15 тамызынан бастап тоқтатылды.

[2025-09-23]