"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Fitch Ratings агенттігі қоғамның рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"
/KASE, 22.09.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылғы 17 қыркүйек күні Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BBB-» деңгейінде бекітті.
Fitch Ratings Қазақстанның банк секторындағы Halyk Bank-тің жоғары нарықтық үлесі, табыстылықтың тұрақты жоғары көрсеткіштері, елеулі капиталдандыру және орнықты өтімділік рейтингті қолдайтын негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті. Агенттіктің түсініктемесі бойынша, «Тұрақты» болжам Halyk Bank-тің кредиттік көрсеткіштері орта мерзімді перспективада күшті болып қала беретінін айқындап тұр.
Fitch Ratings Halyk Bank-тің корпоративтік және бөлшек бизнестегі күшті нарықтық позициялары және теңдестірілген кредиттік портфелі бар сенімді бизнес-моделін, сондайақ Банк активтерінің сапасы соңғы бес жылда айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Сонымен қатар Агенттік тұрақты маржаның, жоғары операциялық тиімділіктің және тәуекелдің төмен құнының арқасында 2025-2026 жылдары Банктің жоғары табыстылығының сақталуын күтеді..
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-09-22]