KZ
7 қазан 2025, 04:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.09.2025 15:33 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлері 2024 жылға KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 22.09.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі - Банк) 2025 жылғы 22 қыркүйекте өткен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған, 2024 жылға Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді (ISIN KZ000A0LE0S4) хабарлайды:

  • бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері: 21,00 теңге;
  • дивидендтерді төлеу басталатын күн: 2025 жылғы 25 қыркүйек;
  • дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
  • 2025 жылғы 23 қыркүйек күнінің басындағы жағдай бойынша (00 сағат 00 минут) (Алматы қаласының уақыты бойынша) дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн;
  • дивидендтерді төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз.

Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы 229 193 967 765,00 теңгеден аспайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-09-22]