Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ KZ2C00014355 (SEGRb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 17.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 қыркүйегінен бастап "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ KZ2C00014355 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SEGRb1; 1 000 теңге, 90,0 млрд теңге; 27.06.25-27.06.40; жартыжылдық купон, жылдық 14,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-17]