17 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (META_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады.
/KASE, 16.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 қыркүйегiнен бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша Meta Platforms, Inc (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акцияларымен Kase-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 22 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 24 қыркүйегiнен бастап қайта басталады.
[2025-09-16]