KZ
16 қыркүйек 2025, 15:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.09.2025 11:50 #Корпоративтік уақиғалар

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "КТ AgroBusiness" ЖШС облигацияларының сәтті орналастырылғаны туралы хабарлады

/KASE, 16.09.25/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) "KT AgroBusiness" ЖШС он жылдық облигацияларын (сауда коды: MFABb1, ISIN: KZ2P00010390) орналастырғаны туралы хабарлайды. Орналастыру 2025 жылдың 5 қыркүйегінен 9 қыркүйегіне дейінгі кезеңде өтті.

Купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 21,0%-ды құрайды, бір облигацияның номиналды құны – 1 000 теңге. Облигациялардың айналым кезеңі – 2025 жылғы 4 наурыздан 2035 жылғы 4 наурызға дейін.

Сауда қорытындылары бойынша орналастырудың жалпы көлемі 2 138 465 000,00 теңгені құрады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-09-16]