KZ
15 қыркүйек 2025, 23:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.09.2025 14:59 #Корпоративтік уақиғалар

Бүгін "Эйр Астана" АҚ Лондон қор биржасында Capital Markets Day 2025 өткізеді

/KASE, 15.09.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) KASE-ге былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы, табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, бүгін Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді. Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті келесі тақырыптар бойынша бірқатар таныстырылымдар өткізеді.:

  • Air Astana тобына кіріспе
  • IPO барысында берген уәделерімізді орындау
  • Нарықтағы маңызды мүмкіндіктерді тиімді пайдалану
  • Қос әуе компаниясы стратегиясын жүзеге асыру
  • Операциялық үздіксіздік
  • Үздік деңгейдегі қаржылық нәтижелілік

Іс-шара Британ жазғы уақыты бойынша (BST) 09:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады. Қорытынды бөлімде сұрақ-жауап сессиясы және компания басшылығымен бейресми қарымқатынас қарастырылған.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-09-15]