Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS2294363689 (ASDBe7) және XS2351373134 (ASDBe8) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 15.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Азия даму банкінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
- XS2294363689 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe7);
- XS2351373134 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe8).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 17 қыркүйегінде шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді өткізуге байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-09-15]