KZ
13 қыркүйек 2025, 10:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.09.2025 15:53 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

15 қыркүйектен бастап 14 атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

/KACC, 12.09.25/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізілетін болады:

1) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00013670 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb6) облигациялары – Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

2) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ облигациялары KZ2C00013688 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb7) – Т+ Тізімі;

3) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ облигациялары KZ2C00013696 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb8) – Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

4) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ облигациялары KZ2C00012029 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb76) – Т+ Тізімі;

5) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ облигациялары KZ2C00012136 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb86) – Т+ Тізімі;

6) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ облигациялары KZ2C00012409 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb92) – Т+ Тізімі;

7) "АК Алтыналмас" АҚ облигации KZ2C00012953 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ALMSb1) – Т+ Тізімі;

8) BI Development Ltd. жеке компаниясының облигациялары KZ2D00012861 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb5) – Т+ Тізімі;

9) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ халықаралық облигациялары XS3032932645, US48129VAD82 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe18) – Т+ Тізімі и Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

10) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигациялары KZ2C00013878 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb21) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

11) "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ облигациялары KZ2C00014736 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb39) – Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

12) АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигациялары US912797NA14 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US160_2510)– Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

13) АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигациялары US91282CJK80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US141_2611) – Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

14) АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигациялары US91282CCJ80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_85_2606)– Т+ Қамтамасыз ету тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ Тізімге және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2025-09-12]