KZ
13 қыркүйек 2025, 11:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.09.2025 18:08 #Сауда-саттық ақпараты

10 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің KZ2C00013936 (BTRKb24) бес жылдық облигацияларын жылдық 18,30 %-бен орналастыра отырып, 50,0 млрд теңге тартты

/KASE, 10.09.25/ –Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00013936 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb24; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10.09.25 – 10.09.30; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

-------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                        
---------------------------------------------- --------
Қатысушылар саны:                              9       
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді)   22 / 19 
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:         54 992,5
Ұсынымға сұраным:                              110,0 % 
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, 
% (барлық/ белсенді):                          18,3000 
------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте                 
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                          
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                            

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 27,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %-дан аз, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 56,9 % , өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 0,1 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,     50 000 000      
облигациялар:                                               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге: 50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:          19              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар   9               
саны:                                                       
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,        100,0           
жоспардан %:                                                
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон      18,3000         
мөлшерлемесі, жылдық %                                      
------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 30,0 % – банктер, 0,1 %-дан азын брокерлік-дилерлік ұйымдар, 52,6 % – басқа институционалдық инвесторлар, 17,2 % – өзге заңды тұлғалар, 0,1% – жеке тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        10.09.25                        
Орналастырудың жарияланған көлемі,        50 000 000 000                  
теңге:                                                                    
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтініш беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                     
Кесу уақыты:                              13:00 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    10.09.25, 13:00                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан төмен өтінімдер     
                                          кесіледі                        
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ, "Alatau City
                                          Invest" АҚ                      
--------------------------------------------------------------------------

[2025-09-10]