KZ
12 қыркүйек 2025, 01:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.09.2025 17:00 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан қор биржасында Азиялық даму банкі жазылым арқылы XS3171554333 (ASDBe22) халықаралық облигацияларды жылдық 1,00 % маржамен орналастыра отырып, 24,9 млрд теңге тартты

/KASE, 09.09.25/ – 2025 жылдың 03 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азиялық даму банкінің XS3171554333 ("халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар" санаты, ASDBe22; 24 897 670 000 теңге; 09.09.25 – 23.05.29; actual/365) халықаралық облигацияларын бастапқы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) әрекет етті.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

------------------------------------------------- ----------
Қатысушылар саны:                                 6         
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),     6 / 6     
– шектелімді:                                     6 / 6     
– нарықтық:                                       0 / 0     
Белсенді өтінімдердің көлемі*, млн теңге,         25 700,0  
оның ішінде                                                 
– шектелімді:                                     25 700,0  
– нарықтық:                                       0,0       
Ұсынымға сұраным:                                 103,2 %   
Берілген өтінімдер бойынша тиянақталған маржа     1,0000    
мөлшерлемесі, % (барлық / белсенді):                        
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,         
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.           

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 42,8 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 57,2 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         24 897 670 000  
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге   24 897 670 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              6               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 6               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            100,0           
жоспардан %:                                                    
Қанағаттандырылған өтінімдердегі тиянақталған   1,0000          
маржа мөлшерлемесі, %                                           
----------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастырылған кезде жалпы көлемнің 44,2 % – банктер, 55,8 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- ------------------------
Жазылым күні:                                 03.09.25                
Орналастырудың номиналды көлемі, АҚШ доллары: 24 897 670 000          
Сатып алуға өтінім түрі:                      шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:30–12:00             
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:             03.09.25, 15:00         
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты:  09.09.25, 09:30         
----------------------------------------------------------------------

[2025-09-09]