10 қыркүйектен бастап Қақастан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) және Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 09.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 10 қыркүйегiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US79466L3024 (сектор "KASE Global", CRM_KZ) SALESFORCE.COM Inc, есеп айырысу күні 2025 жылдың 17 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 19 қыркүйегiнен бастап қайта басталады;
2) US92343V1044 (сектор "KASE Global", VZ_KZ) Verizon Communications Inc., есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 13 қазанынан бастап қайта басталады
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-09-09]