KASE 09 қыркүйектен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011245 (BTRKb14) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 09.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 09 қыркүйегінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның KZ2C00011245 (BTRKb14) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (08 қыркүйек – өтеу кезінде тіркеу күні).
2025 жылдың 09 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 73 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-09]