KZ
7 қыркүйек 2025, 19:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.09.2025 15:59 #Корпоративтік уақиғалар

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы хабарлайды

/KASE, 05.09.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (бұдан әрі – Институт) инвесторларды, серіктестерді және мүдделі тараптарды Жалғыз қатысушының (Қазғарыштың 2025 жылғы 29 тамыздағы № 449/НҚ бұйрығы) "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.

Институт ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануды, сондай-ақ оның одан әрі дамуы мен функционалдығын кеңейтуді қамтамасыз етеді..

"Транзит" АЖ мақсаттары:

  • тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесу;
  • жолдағы қосымша тексерулерді болдырмау есебінен транзиттік тасымалдау уақытын қысқарту;
  • ҚҚС бойынша түсімдердің өсуі есебінен мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюы.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-09-05]