KZ
7 қыркүйек 2025, 19:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.09.2025 14:31 #Қаржы құралдары

08 қыркүйектен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00013519 (MFLGb14) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

/KASE, 05.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 қыркүйегінен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00013519 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb14; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 03.09.25 – 03.09.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-09-05]