Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00014769 (KZIKb42) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді
/KASE, 04.09.25/ – "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ (KASE тикері – KZIK) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2025 жылдың 25 тамызында өзгертулермен тіркеген KZ2C00014769 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb42; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигацияларының шығарылым аңдатпасын және бұрын берілгенді алмастыратын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- облигациялардың айналым мерзімінің өзгеруіне байланысты куәлік ауыстырылды;
- айналым мерзімі бес жылдан үш жылға өзгерді.
Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен жарияланды – толығырақ
[2025-09-04]