KZ
7 қыркүйек 2025, 19:25
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.09.2025 14:43 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың тамыздағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 04.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.

2025 жылдың тамыз айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялар "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілді.

2025 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 39,6 трлн теңгені ($73,6 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,9 трлн теңгеге немесе 5,1 %-ға жоғары.

----------------------------------------------------------
                          29 тамыз  31 шілде        Δ Δ, %
------------------------ --------- --------- -------- ----
Капиталдандыру, млрд KZT 39 578,90 37 659,74 +1 919,2 +5,1
Капиталдандыру, млн USD  73 599,56 68 928,43 +4 671,1 +6,8
----------------------------------------------------------

Тамыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі 24,8 млрд теңгені құрап, шілдеге қатысты 12,2 %-ға немесе 3,4 млрд теңгеге төмендеді. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,2 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 12 291, бір мәміленің орташа көлемі – 96,1 мың теңгені құрады. Тамыз айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.

Тамыз айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті. Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан ең белсенділері акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 67,3 % - құрайтын жеке тұлғалар болып табылады, банктердің үлесіне – 0,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 9,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 4,7 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 18,6 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі – 4,7 % құрады.

Тамыз айында KASE Индексінің мәні 9,0 %-ға артып, айдың соңына қарай 6 993,05 тармақты құрады.

Индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 2025 жылдың тамызында 20,1 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың шілдесіндегі көрсеткіштен 1,0 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акцияларына – 8,1 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 40,4 %)* тиесілі болды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                       Соңғы мәміленің бағасы,   Сауда-саттық көлемі*, Капиталдандыру**,
                                             бір акцияға теңге               млн теңге        млрд теңге
         Free Индекстегі ------------------------------------- ----------------------- -----------------
       float,     үлесі,                            с 01.01.25                                          
            %         %* 29 августа   31 июля  Δ, %       Δ, %   август     июль  Δ, %       на 29.08.25
------ ------ ---------- ---------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- -----------------
 CCBN    48,2       19,0   5 121,00  3 705,00 +38,2       x2,3  4 305,9  2 813,4 +53,0             896,8
 KZAP    25,0       14,9  24 896,00 22 902,00  +8,7      +23,4  1 728,3  3 752,6 -53,9           6 378,0
 HSBK    30,5       14,7     367,70    343,78  +7,0      +43,4  8 105,6  4 330,3 +87,2           4 001,9
 KSPI    31,7       14,6  50 480,00 47 358,00  +6,6       -7,4  1 321,8  1 169,1 +13,1           9 583,7
 KZTK    19,2        3,7  41 149,99 40 249,00  +2,2       -6,0  1 011,0  1 015,5  -0,4             448,5
 KMGZ     2,6       13,9  20 100,00 19 862,00  +1,2      +37,5  1 281,2  1 668,3 -23,2          12 259,3
 KZTO    10,0        1,4     810,97    806,11  +0,6       -1,1    607,4    576,8  +5,3             311,4
 AIRA    41,9        4,9     746,00    745,00  +0,1       -9,0    927,7  1 053,6 -11,9             265,0
 KCEL    34,1       10,3   3 397,00  3 404,50  -0,2       -1,0    444,0  2 163,8 -79,5             675,0
 KEGC    15,0        2,6   1 441,90  1 449,01  -0,5       -5,6    321,2    507,1 -36,7             396,2
Индекс      –          –   6 993,05  6 413,66  +9,0      +25,4 20 054,0 19 050,5  +5,3                 –
KASE                                                                                                    
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
*  ірі мәмілелер мен тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке алмағанда
** артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияны капиталдандыру

[2025-09-04]