03 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 02.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 қыркүйегінен бастап KASE-де есеп айырысу күні 2025 жылдың 11 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_ KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 11 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қайта басталады.
[2025-09-02]