KZ
12 қыркүйек 2025, 15:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.08.2025 18:25 #Сауда-саттық ақпараты

15 тамыз күні Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы Азиялық даму банкінің үш жылдық XS3145682491 (ASDBe21) облигацияларын жылдық 17,00 %-бен орналастырып, 23,5 млрд теңге тартты

/KASE, 15.08.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азиялық даму банкінің XS3145682491 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, ASDBe21; 23 533 572 000 теңге; 15.08.25 – 17.09.28; жарты жылдық купон, жылдық 19,00 % 30/360) облигацияларын жазылым арқылы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

---------------------------------------------- -----------------
Қатысушылар саны:                              6                
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),  8 / 7            
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:         25 034,0         
Ұсынымға сұраным:                              106,4%           
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық %         
(барлық/ белсенді):                                             
– минималды                                    16,9000          
– максималды                                   17,0000          
– орташа сараланған                            16,9683 / 16,9699
----------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте    
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,              
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесінде – 32,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 47,9 %, өзге тұлғалардың үлесіне – 20,1 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         23 533 572 000  
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     23 533 572 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              7               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 6               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            100,0           
жоспардан %:                                                    
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі,  17,0000         
жылдық %:                                                       
----------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 34,0 % – банктер, 44,6 % – басқа институционалдық инвесторлар, 21,4 % – басқа заңды тұлғалар сатып алды

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

-------------------------------------------- ---------------
Жазылым күні:                                11.08.25       
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:      23 533 572 000 
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді     
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 09:30–12:30    
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            11.08.25, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 15.08.25, 09:30
------------------------------------------------------------

[2025-08-15]