KZ
17 тамыз 2025, 00:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.08.2025 15:20 #Қаржы құралдары

15 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3015676425 (ASDBe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 14.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 тамызынан бастап Азия даму банкінің XS3015676425 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 18 қыркүйегінде шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын кері сатып алуды өткізуге байланысты тоқтатылды.

[2025-08-14]