KZ
17 тамыз 2025, 02:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.08.2025 15:27 #Сауда-саттық ақпараты

12 тамыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000760 (MUM048_0056) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 12.08.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000760 (MUM048_0056) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 6 197 100 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 99,9872 % (кірістілік – жылдық 17,01 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 100,0035 % құрады (кірістілік – жылдық 17,00%).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 14 тамызда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 4 жыл МЕУКАМ KZKD00000760 (MUM048_0056) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-08-12]