KZ
16 тамыз 2025, 21:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.08.2025 12:48 #Қаржы құралдары

12 тамыздан бастап "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС KZ2P00014673 (MRDNb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 12.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 11 тамызында "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС (Астана) KZ2P00014673 (MRDNb1, $10,0, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 02 шілдесінде жалпы сомасы 100,0 млн АҚШ долларына тіркелген "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі біріншісі болып табылады.

"Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.

"Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС қызметінің негізгі түрлері – коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін басқару.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-08-12]