KZ
16 тамыз 2025, 12:41
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.08.2025 10:44 #Сауда-саттық ақпараты

/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 13 тамыз күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің 1,5 млн KZ2D00014966 (EABRb55) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 12.08.25, сауда саттық өткізу бастамашысы орналастырудың жарияланған көлемін өзгертілді / – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 13 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014966 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb55) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  дисконттық облигациялар         
ISIN:                                     KZ2D00014966                    
KASE сауда-саттық коды:                   EABRb55                         
Номиналды құны, рубль:                    1 000,00                        
Шығарылым көлемі, рубль:                                                  
– тіркелген:                              10 000 000 000                  
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Айналымда болу мерзімі:                   30 күн                          
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        13.08.25                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, рубль: 1 500 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        дисконтталған баға              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                12:00–12:30                     
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    13.08.25, 12:30                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     АО "Tengri Partners Investment  
                                          Banking (Kazakhstan)"           
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-08-12]