12 тамыздан бастап "Үшкую" АҚ KZ1C00001163 (ANSA) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 11.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 11 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Үшкую" АҚ (Ақтау) KZ1C00001163 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, ANSA) жай акциялары алынып тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE қорытындысында аталған акцияларды делистингтеу үшін "Ушкую" АҚ осы бағалы қағаздар бойынша жыл сайынғы листингілік алымды төлеу бойынша өтелмеген берешектің болуы және KASE-тің "Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері" атты ішкі құжатында белгіленген ақпаратты ашу жөніндегі талаптардың сақталмауы болып табылатыны атап өтілді.
Аталған акциялар 2015 жылдың 19 қазанынан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымнан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторында болды. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап ашылды.
[2025-08-11]