12 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 11.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 тамызынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US6541061031 ("KASE Global"секторы, NKE_KZ) NIKE, Inc. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 02 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 04 қыркүйегінен бастап қайта басталады;
2) US20825C1045 (("KASE Global"секторы, COP_KZ) ConocoPhillips (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 18 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 20 тамызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" аттыKASE ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-08-11]