KZ
9 тамыз 2025, 08:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.08.2025 11:15 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша 2024 жылға дивиденд төленгені туралы хабарлады

/KASE, 08.08.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

..."Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімге (2025 жылғы 30 сәуірдегі № 52 хаттама) сәйкес бір жай акцияға 29,64 теңге көлемінде 2024 жыл қызметінің қорытындылары бойынша Банктің жай акциялары (ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу аяқталғаны туралы хабарлайды.

2025 жылғы 5 мамырдың басындағы (00 сағат 00 минут) жағдай бойынша (Алматы қаласының уақыты бойынша) дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізіміне сай төленуі тиіс Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер сомасы 323 490 914 502,60 теңгені, оның ішінде базалық активі Банктің шығарылған жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша – – 90 263 717 544,00 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Банкте немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде дивидендтер төлеу үшін өзекті деректемелері бар Банк акционерлеріне нақты төленген дивидендтер сомасы 2025 жылғы 22 мамырдан бастап (дивидендтерді төлеу басталған күн) 2025 жылғы 29 шілдені қоса алғанда 322 682 105 503,68 теңгені, оның ішінде базалық активі Банктің шығарылған жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша – 90 263 717 544,00 теңгені құрады.

Есептелген, бірақ акционерлердің өзекті деректемелерінің болмауына байланысты төленбеген, жалпы сомасы 808 808 317,20 теңге дивидендтерді Банк 2025 жылғы 04 тамызда "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да (бұдан әрі – Орталық депозитарий) ашылған шотқа аударды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-08-08]