"Эйр Астана" АҚ 2025 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың нәтижелерін хабарлады
/KASE, 06.08.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
6 атамыз 2025
Табыс көлемі мен әуе кемелерінің саны бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі жетекші әуекомпаниялар тобы болып саналатын «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – «Компания», еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге – «Топ») 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерін жариялайды.
Жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері
Тұрақты өсім мен табыстылықты басқаруға баса назар аудару EBITDAR көрсеткішін 24,1%-ға арттырды.
- Жалпы кіріс пен басқа да табыстар 12.1%-ға өсіп, 658,2 миллион АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдық: 587,2 миллион АҚШ доллары).
- EBITDAR 24.1%-ға өсіп, 157,0 миллион АҚШ долларына жетті (2024 ж. 1 жартыжылдығында: 126,5 миллион АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 2,3 пайыздық тармаққа ұлғайып, 23,9%-ды құрады (2024 ж. 1 жартыжылдық: 21,6%).
- Таза пайда (PAT) 131,9%-ға өсіп, 10,7 миллион АҚШ долларын құрады (2024 жылдың 1 жартыжылдығында: 4,6 миллион АҚШ доллары).
- ASK 17,8%-ға артып, 10,3 млрд құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 8,7 млрд)
- RPK 17,3%-ға өсіп, 8,4 млрд жетті (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 7,1 млрд).
- Бірлік кіріс көрсеткіші инфляцияға бейім шығындардан жоғары деңгейде сақталып, 2024 жылдың 4-тоқсанынан бері жалғасып келе жатқан оң үрдісті бекемдеді. Бұл Топтың тиімділікті арттыру бойынша жүргізіп жатқан шаралары мен валютаны табиғи хеджирлеу тетігінің тиімділігін көрсетеді.
- RASK 4,9%-ға төмендеп, 6,41¢ АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 6,74¢).
- CASK 6.2%-ға азайып, 5,97¢ АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 6,36¢).
- Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 11.6%-ға өсіп, 4,5 миллионға жетті (2024 ж. 1 жартыжылдықnf: 4,0 миллион), ал орташа жүктеме коэффициенті 81,7% деңгейінде тұрақты сақталды (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 82,0%).
- Флотқа қосылған алты әуе кемесінің есебінен Топтың әуе кемелер саны 61-ге жетті.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-08-06]