"ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күнін 14 тамыздан 29 қазанға ауыстыру туралы хабарлама
/KASE, 05.08.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 14 тамызына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілу күнін 2025 жылдың 29 қазанына ауыстыру туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) Банктің Есеп комиссиясы мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы.
2) Базалық активі жай акциялар болып табылатын, акциялардың және жаһандық депозитарлық қолхаттардың, оларды "ForteBank" АҚ сатып алған кездегі құнын анықтау әдістемесіне енгізілетін түзетулерді бекіту туралы.
3) "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (26.06.2025 ж., отырыс № 23 хаттамасы) сәйкес, "ForteBank" АҚ және PPF Financial Holdings a.s. ("Home Credit Bank" АҚ-қа қатысты), Jiří Šmejc (сонымен қатар "Home Credit Bank" АҚ қатысты), Home Credit N.V. (HomeITTech ЖШС-ға қатысты), Home Credit International a.s. ("HomeITTech" ЖШС-ға қатысты) арасында 2025 жылғы 27 маусымда жасалған Акцияларды сатып алу- сату және жарғылық капиталына үлестік қатысу шартына сәйкес, "ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-тың (ISIN KZ1C00009133), "Home Credit Bank" АҚ шығарылған және дауыс беретін акцияларының 100%-ін құрайтын 34 890 акциясын сатып алғаннан кейін, "Home Credit Bank" АҚ (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа қосылу нысанында "ForteBank" АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.
4) "Home Credit Bank" АҚ-тың (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа Қосылуы туралы шарт жобасын келісу туралы.".
Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – толығырақ
[2025-08-05]