05 тамыз күні Қазақстан қор биржасында МЕККАМ KZK100000423 (MKM012_0161) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 05.08.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕККАМ) KZK100000423 (MKM012_0161) мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 43 963 399 200 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 88,4872 % (кірістілік – жылдық 16,90 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 88,5180 % құрады (кірістілік – жылдық 16,85 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 07 тамызда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 283 күн МЕККАМ KZK100000423 (MKM012_0161) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-08-05]