KZ
2 тамыз 2025, 12:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.08.2025 10:26 #Индекстер мен индикаторлар

2025 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 01.08.25/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2025 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

------------------------------------------------------------------------------
          2025 жылдың 05 тамызынан бастап      2025 жылдың 05 тамызына дейін
            орналастыры-   free   шектеулі    орналастыры-   free  шектеулі   
Акциялар    лған акциялар  float  коэф-       лған акциялар  float коэф-      
коды        саны           (Fi),% фициент(Ri) саны          (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
AIRA        355 517 473   41,9  1,0000000     356 106 025    42,0  1,0000000
CCBN        176 080 651   48,2  0,9851239     177 262 461    36,7  1,0000000
HSBK     10 913 998 465   30,5  0,2707558  10 869 569 492    30,2  0,2735102
KCEL        200 000 000   34,1  1,0000000     200 000 000    34,1  1,0000000
KEGC        275 292 728   15,0  1,0000000     275 292 728    14,5  1,0000000
KMGZ        610 119 493    2,6  0,9863485     610 119 493     2,6  1,0000000
KSPI        190 784 522   31,7  0,1081144     190 784 522    31,7  0,0926374
KZAP        259 356 608   25,0  0,2087622     259 356 608    25,0  0,2264991
KZTK         10 706 024   19,2  1,0000000      10 706 024    19,2  1,0000000
KZTO        384 628 099   10,0  1,0000000     384 628 099    10,0  1,0000000
------------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: AIRA - "Эйр Астана" АҚ; CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ "Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2025-08-01]