KZ
2 тамыз 2025, 04:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.07.2025 18:00 #Сауда-саттық ақпараты

31 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012409 (KFUSb92) облигацияларын жылдық 17,39 %-бен орналастыра отырып, 4,8 млрд теңге тартты

/KASE, 31.07.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012409 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар", KFUSb92; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 02.05.25 – 02.05.27, жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

------------------------------------------------ --------------------
Қатысушылар саны:                                3                   
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді):    5 / 4               
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:           5 429,8             
Ұсынымға сұраным:                                113,2 %             
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан %                 
(барлығы / белсенді):                                                
– минималды                                      92,8520             
– максималды                                     92,9192             
– орташа сараланған                              92,9147 / 92,9123   
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды                                      17,3900             
– максималды                                     17,4400             
– орташа сараланған                              17,3933 / 17,3951   
---------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте         
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                  
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                    

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 53,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 47,0 %тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           5 000 000      
облигациялар:                                                    
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:    4 798 735 777,8
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                2              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   1              
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 100,0          
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға,     92,9191        
номиналдан %:                                                    
Облигациялардың сатып алушылар үшін кірістілігі,  17,3900        
жылдық %:                                                        
-----------------------------------------------------------------

Орналастыру кезінде инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде жалпы көлемнің 60,0 % – банктер, 40,0 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                        31.07.25                       
Өтеуге дейін, мерзімі:                    1,8 жыл (632 күн)              
Орналастырудың жарияланған көлемі,        5 000 000 000                  
теңге:                                                                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                              
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға                    
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                     
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                          
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                    
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00                    
Кесімдеу уақыты:                          14:30 (Т+0)                    
Төлем күні мен уақыты:                    31.07.25, 14:30                
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең 
                                          немесе одан төмен өтінімдер    
                                          кесімделеді                    
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе   
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді    
                                          болып табылатын, шектелімді    
                                          қарсылама өтінімдердің бағалары
                                          бойынша                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау 
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша                 
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Еуразиялық Капитал" АҚ        
-------------------------------------------------------------------------

[2025-07-31]