05 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 07 тамызда болатын, өтеуге дейін мерзімі 4,0 жыл МЕОКАМ KZK200000760 (MОM048_0056) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 31.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды.
------------------------------------------------------------------------------ KASE сауда-саттық коды: MОM048_0056 Бағалы қағаз түрі: МЕОКАМ ISIN: KZK200000760 Номиналды құны, теңге: 1 000 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: – Айналысқа жіберу күні: облигацияларды орналастыру бойынша сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеу күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 4 жыл (1 440 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- -------------------------------- Сауда-саттық күні: 05.08.25 Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық сұранысқа байланысты дәрежесі,%*: 0-ден 100-ге дейін Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00 Кесім күні және уақыты: 05.08.25, 15:00 Төлеу күні: 07.08.25 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің көлеміне қанағатандыру тәсілі: пропорционалды Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша ------------------------------------------------------------------------------ *Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады.
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.