Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00014434 (MFACb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 31.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 тамызынан бастап "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00014434 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFACb3; 1 000 теңге, 1,8 млрд теңге; 30.07.25-30.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-31]