Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 тамыздан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014966 (EABRb55) және KZ2D00014982 (EABRb56) облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілетін болады
/KASE, 31.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 01 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Еуразиялық даму банкінің мынадай дисконттық облигациялары енгізілетін болады:
- KZ2D00014966 (EABRb55; 1 000 рубль, 10,0 млрд рубль; 30 күн; actual/365);
- KZ2D00014982 (EABRb56; 1 юань, 100,0 млн юань; 90 күн; actual/365).
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-31]