Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31 шілдеден бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (BTRKb27) облигациялары Т+ Тізіміне енгізіледі
/KACC, 30.07.25/ – KASE клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ KZ2C00014520 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb27) облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2025-07-30]