14 тамызға тағайындалған "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама
/KASE, 29.07.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 14 тамызына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды.
Толықтыруларды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі:
1) Банктің Есеп комиссиясы мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы;
2) Базалық активі жай акциялар болып табылатын, акциялардың және жаһандық депозитарлық қолхаттардың, оларды "ForteBank" АҚ сатып алған кездегі құнын анықтау әдістемесіне енгізілетін түзетулерді бекіту туралы;
3) "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (26.06.2025 ж., отырыс № 23 хаттамасы) сәйкес, "ForteBank" АҚ және PPF Financial Holdings a.s. ("Home Credit Bank" АҚ-қа қатысты), Jiří Šmejc (сонымен қатар "Home Credit Bank" АҚ қатысты), Home Credit N.V. (HomeITTech ЖШС-ға қатысты), Home Credit International a.s. ("HomeITTech" ЖШС-ға қатысты) арасында 2025 жылғы 27 маусымда жасалған Акцияларды сатып алу- сату және жарғылық капиталына үлестік қатысу шартына сәйкес, "ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-тың (ISIN KZ1C00009133), "Home Credit Bank" АҚ шығарылған және дауыс беретін акцияларының 100%-ін құрайтын 34 890 акциясын сатып алғаннан кейін, "Home Credit Bank" АҚ (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа қосылу нысанында "ForteBank" АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы;
4) "Home Credit Bank" АҚ-тың (БСН 930540000147) "ForteBank" АҚ-қа Қосылуы туралы шарт жобасын келісу туралы.
Осы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған – толығырақ
[2025-07-29]