Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 29.07.25/ – "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (KASE тикері – UTMK) 2025 жылдың 25 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
- 53 955 мың теңге – дивидендтерге;
- 1 291 354 мың теңге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға.
Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылған – толығырақ
[2025-07-29]