KZ
27 шілде 2025, 04:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.07.2025 15:10 #Қаржы құралдары

28 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 25.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 08 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 11 тамызынан бастап қайта басталады;

2) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) IBM corp. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 08 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 11 тамызынан бастап қайта басталады;

3) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) Bank of America Corporation (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 05 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 08 қыркүйегінен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2025-07-25]