KZ
RU
EN
14 тамыз 2026, 02:12
KZ
RU
EN
Кіру
24.07.2025 18:03 #Сауда-саттық ақпараты

24 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ өзінің бес жылдық KZ2C00014736 (KZIKb39) облигацияларын жылдық 18,00 %-бен орналастыра отырып, 35,0 млрд теңге тартты

/KASE, 24.07.25/ –Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00014736 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb39; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 24.07.25 – 24.07.30; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

----------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
---------------------------------------------- -----------------
Қатысушылар саны:                              5
Қатысушылар шоттарының саны:                   108
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),  120 / 116
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:         35 005,8
Ұсынымға сұраным:                              70,0 %
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, 18,0001 / 18,0000
жылдық % (барлық/ белсенді):
----------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 22,9 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне – 14,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 53,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 9,4 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,01 %-дан кем болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,     35 005 757
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге: 35 005 757 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:          111
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар   5
саны:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,        70,0
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон      18,0000
мөлшерлемесі, жылдық %
------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 22,9 % – банктер, 14,3 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 53,4 % – басқа институционалдық инвесторлар, 9,4 % – басқа заңды тұлғалар, 0,01 %-дан азын жеке тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        24.07.25
Орналастырудың жарияланған көлемі,        50 000 000 000
теңге:
Лот мөлшері, дана.:                       1
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді
Өтініш беру тәсілі:                       жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–16:00
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–16:30
Кесу уақыты:                              17:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                    24.07.25, 17:00
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең
                                          немесе одан жоғары өтінімдер
                                          кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "First Heartland Jusan Invest" АҚ
---------------------------------------------------------------------------

Бірлескен қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері –"First Heartland Jusan Invest" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

[2025-07-24]