KZ
27 шілде 2025, 12:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2025 17:43 #Қаржы құралдары

23 шілдеден бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014723 (MFRFb21) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 23 шілдесінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014723 (MFRFb21; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 04 шілдесінде 30,0 млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-23]