Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23 шілдеден бастап "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014822 (MFRFb20) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 21 шілдесінде "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014822 (MFRFb20; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-23]