KZ
27 шілде 2025, 10:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2025 12:22 #Корпоративтік уақиғалар

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС 2024 жылдағы қызметінің нәтижелерін хабарлайды

/KASE, 23.07.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (бұдан әрі - Институт, "ҒТТИ" ЖШС) 2024 жылды оның стратегиялық тұрақтылығы мен жоғары инвестициялық әлеуетін көрсететін бірқатар негізгі жетістіктермен аяқтады. Институт ұлттық оператордың мәртебесін растай отырып, навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдарды қадағалаудың ұлттық ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды жалғастыруда. Дивидендтік төлемдердің оң тарихы, KASE листингтің болуы, бірінші деңгейдегі аудиттен өту және зияткерлік меншік түріндегі активтер жеке және институционалдық инвесторларды тарту үшін берік негіз қалыптастырады.

"2024 жыл Институт үшін Қазақстан Республикасы аумағының транзиттіккөліктік әлеуетін дамыту шеңберінде ғарыштық және жердегі радионавигациялық жүйелерді пайдалану міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар маңызды, цифрлық және навигациялық жобалармен ерекшеленді", - деп атап өтті Бақылау кеңесінің төрағасы Қуандық Ислямұлы Шуленбаев. Ол сондайақ Бақылау кеңесі алдағы уақытта да ел мүдделерінің сақталуын және "ҒТТИ" ЖШС-де заманауи корпоративтік басқаруды дамытуды қамтамасыз ете отырып, тиімділік пен жауапкершілік қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-07-23]